Қарағанды облысының бүркітшісі «Сонар-2021» республикалық турнирінде екінші орын алды

Қарағанды облысының бүркітшісі «Сонар-2021» республикалық турнирінде екінші орын алды

Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұлттық спорт түрлері бойынша «Сонар-2021» дәстүрлі турнирі өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан 80-нен астам бүркітші қатысты. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғыны Таңат Оспанқұлов сұңқарымен бірге екінші орынды иеленді.

Бүркітшілер сайысы бірнеше кезеңнен тұрды, оның барысында аушы құстарды үйрету және аң аулау дағдылары тексерілді. Құс тез иесін тауып, қояндарды аулап, көгершіндер мен қырғауылдарды аулау шеберлігін көрсетуі керек.

Таңат Оспанқұлов 10 жылдан астам жыртқыш құстармен айналысады. Оның екі бүркіті және сонша сұңқары бар.

– Мен Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылдық округіненмін. Менің сұңқарымның аты – Самал, біз екінші орынға ие болдық. Бұл нәтижеге өте қуаныштымын, ары қарай жаттығамыз. Біз бұған дейін де түрлі өңірлік және халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болдық, –деді Таңат Оспанқұлов.

Спорттық шараны ұйымдастырушы – Қазақстан этноспорт қауымдастығы.