«Қарағанды Су» тұтынушылар алдында есеп береді

«Қарағанды Су» тұтынушылар алдында есеп береді

«Қарағанды Су» компаниясы тұтынушыларды есептік кездесуге шақырады. Жиын 26 сәуірде өтеді.
Қызмет көрсетуші компания 2018 жылға есеп беріп, сумен жабдықтауды жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы, инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы баяндайды. Кездесуге қатысушылар қызмет сапасына, тарифтерге қатысты сұрақтар қоя алады.
Кездесу Пригородная көшесі, 2 В ғимаратының, акт залында өтеді. Басталуы сағат 11.00-де.