
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы 24 сәуірде Түмендегі «Рубинге» қарсы финалдық, бесінші ойын өткізеді. Жеңімпаз команда «Петров кубогының» иегері атанады.
21 сәуірде Қарағандыда финалдық ойын сериясының төртінші матчын өткізді. Бұл қақтығыста қарағандылық хоккейшілер жеңіске қол жеткізді. Сериядағы есеп «Сарыарқа» пайдасына 3:1 болды. Енді әрбір келесі матч «Сары-қара» ойыншылары үшін жеңіс сыйлауы мүмкін.
«Қарағанды-Арена» мұз айдынындағы екінші ойын қонақтардың шабуылынан басталды. Алайда жерлестеріміз түмендіктердің қысымына төтеп бере отырып, қарсыластарын жеңіп, 3:2 есебімен басымдылыққа ие болды. Шешуші шайбаны алаң иелері 53-ші минутта қарсыластың қақпасына салды. Осылайша, «Сарыарқа» көптен күткен жеңісіне қадам басты.
«Петров Кубогы» финалының бесінші матчы 24 сәуір күні Түменде өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Қарағанды мұз айдынына әдемі ойын мен жарқын жеңіс тілейміз!
Естеріңізге сала кетейік, «Сарыарқа» 2014 жылы Братина Кубогы үшін шешуші ойында «Рубинді» жеңген болатын. Сол кезде қарағандылықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Жоғары хоккей лигасының бас жүлдесін жеңіп алды.
www.saryarka-hc.kz