Қарағандыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қала тұрғындары мен қонақтарын сенбі, 27 сәуірде өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шақырады. Ол Құрылысшылар даңғылы, 35/2 мекенжайы бойынша орналасқан «Сарыарқа» сауда үйінде өтеді.
Жәрмеңкеде өз өнімдерін облысымыздың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ұсынады. Сатып алушылар ет, сүт өнімдерін және көкөкністерді нарықтағы бағадан төмен құнмен сатып ала алады.

«Сарыарқа» сауда үйіне дейін №№ 01, 012, 014, 19, 33, 41, 43, 45, 49, 53, 56, 70, 73 маршрутты қоғамдық көліктермен жетуге болады.