Қарағандыда көп балалы аналарға арналған бизнес-тренинг өтті

Қарағандыда көп балалы аналарға арналған бизнес-тренинг өтті

Қазақстанда көп балалы аз қамтылған отбасылар үшін қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда.

Алдағы уақытта кейбір қызмет түрлері бойынша үйде әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл аналарға бала күтімі мен еңбек қызметін қоса атқаруға, сондай-ақ қосымша табыс көзін алуға мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, отбасылық бизнесті ашу, көп балалы отбасылар кірістерінің өсуі үшін жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар берілетін болады.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» Қорының филиалы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда айтылды. 20 көп балалы аналарға қазіргі әрекеттегі кәсіпкерлерді қаржылық қолдау тетіктері жайлы түсіндірілді, сондай-ақ бизнес негіздері оқытылды.
Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығы алдағы уақытта да көп балалы отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған оқыту шеберлік-сыныптарын, кеңес беру семинарлары мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.