
Шахтинскіде 22 сәуір күні Халықаралық Жер Ана күніне арналған «Табиғатпен дос болайық!» қалалық экологиялық акциясы басталды. Шараға қаланың барлық мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілері қатысты. Акция ұйымдастырушылары өскелең ұрпақты табиғатқа қамқорлықпен қарау және оны аялауға тәрбиелеу мақсатын ұстануда.
Бұл күні экологиялық сабақтар мен тақырыптық байқаулар өткізілді. Шахтинск тұрғындарына оқушылар қаланы тазалықта ұстауға шақыратын үгіт парақшаларын таратты. Сондай-ақ мектеп оқушылары «Ласточка» балабақшасының маңын қоқыстан тазарту үшін еңбек десентін ұйымдастырды.
Осы аптада акцияның тағы екі кезеңі өтеді. Онда балалар түрлі байқауларға қатысып, жобаларын қорғайды және экскурсияларға шығады.
Акция 26 сәуір күні «Жер - ол менің және сенің анаң» қалалық экологиялық квестімен аяқталады.
Шахтинск қаласының білім бөлімі таратқан ақпарат бойынша