Қарағандыда өткен жылы 15 мыңнан астам жұмыссыздар жұмыспен қамтылды

Қарағандыда өткен жылы 15 мыңнан астам жұмыссыздар жұмыспен қамтылды

Қарағандыда өткен жылы Жұмыспен қамту орталығының арқасында 15 мыңнан астам жұмыссыз адам жұмысқа орналасты. Олардың 6 мыңнан астамы - 29 жасқа дейінгі жастар.
Қарағандылықтардың жұмыс іздеуіне көмектесу мақсатында қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіледі. Өткен жылы Қарағандыда осындай төрт шара ұйымдастырылды. Жалпы есептегенде бұл іс-шараларға үш мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде 689 адам жұмыс орындарына қызметкерлер қабылданды.
Осы жылы Қарағандыда бос жұмыс орындарының бірінші жәрмеңкесі өтті. Оның арқасында 84 адам жұмысқа орналасты.
Лайықты бос жұмыс орындарын таба алмайтын адамдар үшін қалада қайта оқыту бағдарламалары жұмыс жасайды. Жыл басынан бері қысқа мерзімді курстарда жаңа мамандықтарды 256 адам игерген, олардың 95-і 29 жасқа дейінгі жастар.
Сондай-ақ, жастарға шағын несие алып, өз бизнесін ашуға мүмкіндік берілуде. Мысалы, биылғы жылы Қарағандыда шағын несиелеуге 295 млн теңге жұмсалмақ. Несие желісіне қазірдің өзінде 13 қатысушы жүгінген.
Биылғы жылы Жұмыспен қамту орталығына 3817 адам көмек сұрап келген. Олардың қатарынан 2 541 адам жұмысқа орналасты.