Қарағандыда мамыр мейрамдары қалай тойланады

Қарағандыда мамыр мейрамдары қалай тойланады

Биыл Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау 29 сәуірден басталады. Қаламыз сәндік құрылымдармен, жалаулармен және баннерлермен безендіріледі.
29 сәуірден бастап қалада тақырыптық іс-шаралар, көрмелер мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
«Мәңгілік ел – Қазақстан» Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты концерттік бағдарлама 1 мамыр күні қаланың төрт алаңында: Теміржолшылар мәдениет үйінде, Молодежный және Жаңа Майқұдық мәдениет үйлерінде, Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Қарағандылықтарға қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрлері туралы театрландырылған қойылымдар көрсетіледі. Сонан соң сахна төрінде шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.
Теміржолшылар мәдениет сарайында 1 мамыр күні «Ұлттың бірлігі – ұлы байлық» атты Қазақстан халқының қолданбалы өнері мен ас үй көрмесі ашылады.
Пришахтинскіде «Молодежный» мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Біз бейбітшілік пен достықта өмір сүреміз!» ойын бағдарламасын ұйымдастырады. «Отаным менің! Менің Қазақстаным!» атты асфальтта сурет салу байқауы өтеді.
Жеңіс күні, 9 мамырда сағат 10:30-да облыс орталығында «Мәңгілік алау» мемориалына және Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Сонымен қатар гүл шоқтары Сұрыптау шағын ауданында «Жауынгерлік Даңқ обелискісіне» қойылады. Сағат 12: 00-де «Теміржолшылар» МҮ-де теміржолшылар мәдениет үйінің және аудан мектептерінің әртістерінің қатысуымен «Жүрек әуенімен құттықтаймыз» атты театрландырылған бағдарлама өтеді.
Жаңа Майқұдық МҮ гүлзарында «Отан деп соққан жүрегі» атты театрландырылған бағдарлама ұйымдастырылады.
Бас сахна Жеңіс саябағында құрылады. Концерттік бағдарлама 9 мамыр күні сағат 12:00 басталады. Қала тұрғындары алдында театрдың кәсіби әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Кешкісін осы сахнада Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығына арналған «Мен Ұлы Жеңіс ұрпағымын!» бағдарламасы қойылады. Шараға арнайы астаналық хореограф және «АртИсДэнс» ұжымы шақырылды.
Театрландырылған мерекелік бағдарлама сағат 22.00-ге дейін жалғасады.
Сондай-ақ 9 мамырда Қарағандыда дәстүрлі түрде «Мәңгілік полк» шеруі және автошеру өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Демалыс күндері 1, 7, 9 және 10 мамырға түседі. Ал сенбі, 4 мамыр жұмыс күні болады.