Қарағанды облысында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді

Қарағанды облысында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді

Желтоқсан айының басынан бастап Қарағанды облысында жас қылқан жапырақты ағаштардың заңсыз кесілуіне жол бермеу үшін тәулік бойы кезекшілік ететін мобильді топтар жұмысқа кірісті. Бұл топтардың құрамына табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылықтарының мемлекеттік инспекторлары кіреді.

Жыл сайын 1–31 желтоқсан аралығында Қазақстан өңірлерінде жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтіледі. Жаңа жыл қарсаңында оларды заңсыз кесу қаупі артып келеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес «орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны» үшін заңды бұзушыларға 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қаупі төнеді.

Бұдан басқа, заң бұзушы әрбір кесілген бұтақ үшін келтірілген материалдық залалды 15 АЕК мөлшерінде өтеуге тиіс болады.

Аяздағы ағаштың аздап зақымдануының өзі оның жойлуына әкеледі. Аяз шұңқыры пайда болады, содан кейін ол жерге бактериялар енеді, ағаштар ауырып, өледі. Егер жоғарғы жағын кесіп тастаса, ағаш аман қалса да, ол ешқашан өспейді.

Ағаштарды заңсыз кесу анықталған жағдайда келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалу қажет:

- Қарағанды ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы – (8-7212) 44-29-71;

- Ақтоғай – (8-71037) 2-12-10;

- Жаңарқа – (8-71030) 2-62-60;

- Кувская – (8-72147) 9-14-98;

- Ұлытау – (8-71035) 2-11-61.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша