Қарағанды облысының барлық аудандарында фольклорлық экспедиция болып қайтады

Қарағанды облысының барлық аудандарында фольклорлық экспедиция болып қайтады

Қарағанды облысында «Күй керуені» экспедициясы басталды. Оның қатысушылары мәдени мұрамыз болып табылатын «шертпе күй» музыкалық стиліндегі халық шығармаларын зерттейтін болады. Екі айда керуен өңірдің тоғыз ауданын аралайды.
- Осылайша біз ата-бабаларымыз бен жерлестеріміздің музыкалық рухани байлығын зерттеп, сақтаймыз. Үш жылда бір рет осындай экспедициялар өткізіледі, бірақ биыл ол ерекше болмақ. Қатысушылар музыкалық мұра ғана емес, ежелгі аңыздар, ертегілер, ақсақалдарымыз бен әжейлерімізден естіген әңгімелерді жинайтын болады. Экспедиция аяқталғаннан кейін жиналған материалдарды зерттейміз. Жыл соңына қарай музыкалық анықтамалық пен диск жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев.
Экспедиция құрамына бес адам кірді. Олар: филология ғылымдарының докторы, ҚарМУ профессоры және Қарағанды облысындағы шертпе күй мектебінің негізін қалаушы Қайролла Сәдуақасов, филология ғылымдарының докторы, ҚарМУ профессоры Берік Рахымов, өнертану докторы, Ұлттық мұражайдың аға ғылыми қызметкері Ардаби Мәулетұлы, «Арқа ақшамы» газетінің тілшісі Бек Ықыласов және Бейнеоператор Еркебұлан Елтай .
Экспедиция өз жұмысын Ақтоғай ауданынан бастайды,. Оның қатысушылары Ақтоғай, Қаратау, Қызыларай, Сарытерек, Нарманбет, Қошқар, Таран, Балқаш және Шашубайда болады.
Ардаби Мәулетұлының айтуынша, басты міндет - бұрыннан ұмытылған күйлерді, терме, жыр, аңыздар мен әңгімелерді есту және жазып алу болып табылады.
- Шараның бастамашы Шертпе күй мектебі болды. Ол Қарағандыда ашылған жәнеде республика бойынша жалғыз мектеп болып табылады. Еліміздің түрлі аймақтарында күйлер әртүрлі орындалады, тіпті шертпе күйдің өзінің бірнеше түрі бар. Бірақ бұл туралы көпшілік біле бермейді. Сондықтан осы музыкалық мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін біз экспедицияны ұйымдастырып отырмыз, - деді экспедиция мүшесі, өнертану докторы, Ұлттық мұражайдың аға ғылыми қызметкері Ардаби Мәулетұлы.
«Күй керуені» экспедициясы Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы – ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі, ұрпақтардың рухани байланысын нығайтатын ұлттық сана-сезімнің негізі.