
ҚарМТУ-де Nur Otan партиясынан Президенттікке ұсынылған үміткерге қолдау көрсету мақсатында «Елім үшін» атты жастар форумы өтті. Техникалық университетте облыстың барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінен 400-ден астам студент жиналды. Форумға үкіметтік емес жастар ұйымдарының белсенділері, шығармашыл және жұмысшы жастар, спортшылар қатысты.
- Қарағанды облысы әрқашан елдің экономикалық және саяси тірегі болды. Біз кеніштерде, шахталарда және карьерлерде жұмыс істейтін жерлестеріміздің еңбек жетістіктерін мақтан тұтамыз. Осының барлығы әрбір қазақстандықтың адал еңбегінің арқасында қол жеткізілді. Сондай-ақ елдің Тұңғыш Президенті ұсынған Қазақстанды дамытудың жаңашыл тұжырымдамасы. Мен "Қазақмыс" корпорациясының жұмысшы жастарын таныстыру абыройына ие болғанымды мақтан тұтамын. Біз Nur Otan партиясын қолдаймыз. Президент таңдаған үміткер Елбасының жолын жалғастыратынына сенімдіміз, - дейді "Қазақмыс" корпорациясының қызметкері Алдияр Қазкен.
Форумға қатысушылар елімізде жастардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы, жетекші әлемдік оқу орталықтарында біліктілігін арттыруы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Олардың пікірінше, Президенттің кезектен тыс сайлауы ел экономикасының дамуына және ішкі келісімді нығайтуға жаңа серпін береді.
- Елбасы саясатының арқасында біз әлемдік аренада еркін бәсекелесе алатын беделді мемлекет құрдық. Жастардың сайлауға қатысуы – олардың азаматтық тұрғыда жетілгендігінің, әлеуметтік жауапкершілік пен патриотизм сезімдерінің жоғары деңгейде екенінің көрсеткіші. Біз сайлауға белсенді түрде қатысуымыз керек, - деп атап өтті ҚарМТУ студенті Әуен Тұрғымбаева.
"Елім үшін" жастар форумы облыстың шығармашылық ұжымдары мен студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған концертпен аяқталды.