ҚҚМЗ ұжымы «Nur Otan» партиясының президент сайлауына үміткер ұсынуы туралы шешімін қолдады

ҚҚМЗ ұжымы «Nur Otan» партиясының президент сайлауына үміткер ұсынуы туралы шешімін қолдады

Қарағанды құю-машина жасау зауытының қызметкерлері ҚР Президентінің сайлауына кандидат ұсыну туралы Nur Otan партиясы съезінің шешімін қолдауға үндеу қабылдады. Өтініш 25 сәуірде өткен еңбек ұжымының жиналысында айтылды.
«Өндіріс қызметкерлері ретінде біз республика экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін одан әрі арттыруға және қазіргі заманғы инновациялық, индустриялық және бәсекеге қабілетті технологияларды ескере отырып, техникалық және халық шаруашылығының барлық салаларын кезең-кезеңімен дамитынына үміттенеміз. Сондықтан билік сабақтастығының жан-жақты ойластырылған саясаты мен Ұлт Көшбасшысының дана шешімін біздің зауыт жұмысшыларының барлық еңбек ұжымдары қолдайды», - делінген хатта.
Сондай-ақ, жиналыстың қатысушылары сайлау әрдайым жаңаруға және жаңғыруға үмітті артатынын атап өтті. Бұл қазақстандықтардың күш-жігерін шоғырландырып, бүкіл ел үшін болашаққа жаңа серпіліс жасауға көмектесетін қадам.
Зауыт жұмысшылары сайлау кезінде сайлау учаскесіне келіп, дауыс беретіндерін айтты.
«Maker (Майкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауыты – Қазақстанның тау-кен саласының көп салалы жоғары технологиялық кәсіпорны. Зауыттың негізгі бағыты тау-кен жабдықтарын жасау және жөндеу болып табылады.