
Қарағанды облысы әкімінің бастамасмен облыстық әкімдік пен мәслихат бірлесіп, көп балалы отбасыларды қолдау жөнінде шешім қабылдады.
Мәселен, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасындағы ата-аналардың біреуіне осындай жеңілдік қарастырылған.
Сонымен қатар көп балалы отбасылар үшін мектепке дейінгі балалар мекемелеріне 50% жеңілдік берілді.
Толық ақпарат «Білім бөлімі» ММ және «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырылады.
Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі тараптқан ақпарат бойынша