
Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Nur Otan партиясының президенттік сайлауға үміткер ұсынуы туралы шешімін қолдады. 26 сәуірде өткен жиналыста ҮЕҰ өкілдері өз пікірлерін білдірді.
- Мен, үкіметтік емес ұйымның басшысы ретінде тәуелсіздік жылдары ел үшін Ұлт Көшбасшысының арқасында көптеген жұмыстар атқарылды деп санаймын. Бірақ одан да көп істер атқарылуы керек. Ол үшін бізге жақсы дипломат, саясаткер болатын заңды президент және Елбасының таңдаған мемлекетіміздің даму бағытын жалғастыра алатың тұлға қажет. Nur Otan партиясы ұсынған Президенттікке үміткер осы талаптарға толық сәйкес келеді және оған жүктелген үміттерді ақтай алады деп ойлаймын, - деді «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дмитрий Полтаренко.
Оның пікірімен «Озарение» қоғамдық қорының президенті Татьяна Савицкая да келісіп отырі. Ол сондай-ақ, кезектен тыс сайлау еліміздің демократиялық саяси келбетін қалыптастыруда азаматтардың тікелей қатысуына мүмкіндік беретін еліміз үшін дер кезінде жасалған және қажетті қадам екенін атап өтті.
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Қарағанды филиалының өкілі Юрий Гусаков жиналғандарға облыста білікті бақылаушылардың жеткілікті екенін жеткізді. Олар бар партиялардың ешқайсысын қолдамайды және өңірдің барлық сайлау учаскелерінде дауыс берудің әділ және ашық процесін қамтамасыз ете алады.
Жиналысқа Қарағанды облысының 23 үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың барлығы Nur Otan партиясы ұсынған Президенттікке үміткерге қолдау білдірді.