
Қарағандыда "SportFEST Kazakhstan" кең ауқымды республикалық жобасының іріктеу кезеңдері басталды. Оған облыстың 18 ауданынан 594 оқушы қатысады.
Жарыс 26 сәуірде басталды. Үш күн бойы қатысушылар футзал бойынша жасөспірімдер арасындағы турнирлерде, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, шахматтан, үстел теннисінен, қыздар арасындағы баскетболдан және тоғызқұмалақ ұлттық ойындарынан жарысатын болады. Жеңімпаздарды марапаттау жексенбі, 28 сәуірде өтеді.
Жарыс аяқталғаннан кейін іріктеу кезеңінде қолданылатын барлық спорттық құрал-жабдықтар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) облыс мектептеріне сыйға беріледі.
"SportFEST Kazakhstan" Қазақстандағы жастар жылы аясында өткізілуде. Бұл – бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және жастар арасында патриоттық тәрбие беруді насихаттауға бағытталған жоба.
Жастар жобасын "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен "Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар Қоры" ЖҚ бірлесіп ұйымдастырды.