Қарағанды, Балқаш, Приозёрск және Қарқаралыда ауылшарушылық жәрмеңкелері өтеді

Қарағанды, Балқаш, Приозёрск және Қарқаралыда ауылшарушылық жәрмеңкелері өтеді

27, 28 сәуірде Қарағанды, Балқаш, Приозёрск қалалары және Қарқаралы ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Шара таңертеңгі 8-де басталады.
Сатып алушылар көкөністер, жемістерді, ет және сүт өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке келесі мекенжайлар бойынша өтеді:
27 сәуір. Қарағанды, «Сарыарқа» СҮ, Құрылысшылар даңғылы, 35/2;
27 сәуір. Балқаш, теміржол вокзалы алдындағы алаң, Язев көшесі, 2Е;
27 сәуір. Қарқаралы ауданы, «Қарқаралы» қонақ үйінің алдындағы алаң;
28 сәуір. Приозерск, орталық қалалық алаң;

Айта кету керек, Приозерск қаласындағы жәрмеңкеде өздерінің өнімдерін Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм аудандарының және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының ауылшаруашылық өнім өндірушілері ұсынатын болады.