Ерлан Қошанов « Сарыарқаны » ЖХЛ жеңісімен құттықтады

Ерлан Қошанов « Сарыарқаны » ЖХЛ жеңісімен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Сарыарқа» хоккей клубын жерлестері мен жанкүйерлері атынан ЖХЛ чемпионатындағы жеңісімен және бас жүлде – Петров Кубогінің иегері атануымен құттықтады. Аймақ басшысы біздің хоккейшілерімізге жеңіс оңайшылықпен түспегенін және ерең еңбіктің арқасында қол жеткізгенін атап өтті.
- Бұл біздің облыс үшін және жалпы еліміз үшін айтулы оқиға. Бізге бүкіл қазақстаннан қоңырау шалып, құттықтауларын жаудырып жатыр, - деді Ерлан Қошанов. – Осындағы барлық финалдық ойындарда мен жанкүйер болдым. Есімде қалған бір жарқын сәтті атап айтқым келіп отыр. Ойын барысында Максим Кициннің тізесіне шайба тигенде, төреші ойынды тоқтатпаған еді. Сол кезде ойыншымыз командасы азшылықта қалмас үшін бортикке әрең сүйретіліп барды. Сол кезде комментатор Максимді «жарақат алған партизанмен» салыстырған болатын. Сол сәт есте қалардай керемет болды.
Облыс әкімінің пікірінше, дәл осындай сәттерде нағыз жігерлік пен командалық рухты көруге болады. Ерлан Қошанов бапкерлер құрамы мен ойыншыларға алғысын білдіріп, хоккейшілерге жаңа жеңістер тіледі.
Мемлекет спортты дамытуға үлкен көңіл бөледі, деп атап өтті аймақ басшысы. Өңір басшысының пікірінше, бұл қолдау да табысқа жетудің факторы болып табылады.
Ерлан Қошанов «Сарыарқада» қазір 8 қазақстандық спортшы ойнайтынын, оның үшеуі қарағандылықтар екенін атап өтті. Ол болашақта команданың негізгі құрамы жергілікті хоккей мектебінің тәрбиеленушілерінен құралатынына сенім білдірді.
Облыста бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасалған. Қысқы спорт түрлерін сүйетіндерге арналып 5 Мұз сарайы ашылды, осындай спорт кешендерінің саны бойынша Қарағанды облысы республикада Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кейін үшінші орында.
- Менің ойымша, сіздерге тіпті қара-сары форманың өзі көмектеседі. Бұл түстер көмір мен алтын даланы бейнелейді. Осы арқылы Сіздерге туған жеріңізге Сары-Арқаның батасын және кеншілердің жеңілмейтін рухы берілді, - деп Ерлан Қошанов өзінің құттықтауын аяқтады.
Ойыншылардың айтуынша, жанкүйерлердің қолдауынсыз жеңіске жету мүмкін емес еді.
– Бапкерлердің мынадай мақалы бар: жаттықтырушы Голливудтағы зұлым сияқты болуы керек - қорқынышты, қорқынышты, бірақ шынайы, - деп «Сарыарқаның» бас бапкері Леонид Тамбиев өз әдісін қысқаша сипаттады. – Менің ойымша, жігіттер – нағыз батырлар болды, олар жарақаттар және сынықтарға қарамастан жанкешті, адал және шын мәніндегі ойнды көрсете алды.
Билік тарапынан көрсетілген қолдау үшін команда Ерлан Қошановқа алтын медаль табыс етті. Спорттағы жетістіктері мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін клубтың барлық мүшелері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.