Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында «Ұрпақтар естелігі» акциясы жалғасуда

Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында «Ұрпақтар естелігі» акциясы жалғасуда

«Ұрпақтар естелігі» республикалық акциясы Қарағанды облысының 18 қаласы мен аудандарында өтуде. Шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерді, мемориалдарды, обелискілерді тазалап, ретке келтіріп, аумақтарын абаттандырады. Соғыс батырларының есімдерімен аталған көшелер мен даңғылдардағы қоқыстарды жинайды.
Акцияның бастамашысы – Nur Otan партиясы юолып табылады. Шараны партия өкілдері жыл сайын көктемде және күзде өткізеді. Абаттандыру және тазарту жұмыстарына партияның аймақтық филиалдарының «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері , бастауыш партия ұйымдарының өкілдері жиналды.
Осы жылы акция 20 сәуірде басталды. Қала және аудан тұрғындары да бұл игі бастамада партиялықтарға қолдау көрсетті. Бұл күні Қарағанды облысының барлық 18 қаласы мен аудандарында ҰОС-ға арналған 23 ескерткіштер абаттандырылды.
27 сәуірде акция жалғасын тапты. Қатысушылар 26 ескерткіштерді, мемориалдар, обелискілерді қалыпқа келтірді. Акцияға бұл жолы 350 адам қатысты.
Қарағанды облысында барлығы 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар. Олардың ішінде мемориалдық кешендер - 12, бауырлас зираттар - 1, Жауынгерлік Даңқ ескерткіштері – 39, Жауынгерлік Даңқ обелискілері - 91, батырлардың бюстері – 4, стелалар – 4, мемориалдық тақта – 13, естелік тақта – 7.