
Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қызылжар ауылының тұрғындарына заманауи көпфункционалды корт, балалар ойын және спорт алаңдары сыйға тартылды.
Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Беккожин ауыл тұрғындарын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жаңа нысандардың салтанатты ашылуына қатысты.
– Ауылдарды дамыту – біздің алдымызға қойылған басым міндеттердің бірі. Көпфункционалды корт балалар мен жасөспірімдердің сүйікті орнына айналады. Олар мұнда жазда да, қыста да ойнай алады, - деді әкім.
Биыл Қызылжар айтарлықтай өзгерді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша елді мекенде 3,5 км астам ішкі жолдар жөнделді. Сондай-ақ, акушерлік-фельдшерлік пункт пен мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көшелердің бірінде жарықтандыру жүргізілді.