Ақтоғай ауданында құтқарылған бөлтіріктерге «Игра престолов» фильміндегі көкжал бөрілердің аттарымен атады

Ақтоғай ауданында құтқарылған бөлтіріктерге «Игра престолов» фильміндегі көкжал бөрілердің аттарымен атады

Ақтоғай ауданында браконьерлерден құтқарылған бес бөлтірік әйгілі бола бастады. Оларды Жаз, Нимерия, Леди, Призрак және Сұр жел деген «Игра престолов» сериалы кейіпкерлерінің аттарымен атау туралы шешім қабылданды.
Оқиға 24 сәуірде болды. Жануарлар әлемін қорғаушылар қасқырдың апанынан жаңа туған бөлтіріктерді алып кеткенін анықтаған. Құқық бұзушылар өздері әлеуметтік желілердегі парақшаларына қасқырдың күшіктерін алып шығып жатқаны туралы бейне орналастырған. Олар Бөлтіріктерді олар сатпақшы болған.
Браконьерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыларға 30 АЕК (75 750 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Қазір «Сарыарқа» Агроөнеркәсіптік холдингінің қорықшысы Темірхан Базылов күшіктерді қамқорлығына алған. Діл осы кісіге қасқырларға ерекше атаулар беру ойы келген.
- Ол «Игра престолов» телехикаясын көреді. Браконьерлерден қасқырдың күшіктерін тәркілеу кезінде біздің қызметкерлермен бірге Темірхан да болды. Сол кезде ол бір серияда басты кейіпкерлердің бірінің балалары көкбөрінің күшіктерін тапқан бір сәт бар екенін еске түсіреді. Сол кезде мұны бір белгі деп шешкен, - деді Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжанов.
Телеэпопеяда барлық көкжал өрілердің тағыдыры тағдыры қайғылы болды. Соған қарамастан, құтқарушылар жаңа туған күшіктерге ешқандай қауіп төнбейтініне сенімді. Қазір бөлтіріктерге бір апта болды. Олар толығымен сау, сүт ішеді және жақын арада көздерін ашуы тиіс.
Күшіктер өсіп, нығайған кезде, мамандар оларды еркін шығаруға немесе агроөнеркәсіптік холдингте өмір сүруге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Ол жануарлардың денсаулығы мен күштеріне байланысты болмақ.
Қазір Қарағанды облысында қасқырлар саны 400-ге жетті. Оларды айлауға тыйым салынған. Бұл жыртқыштарды тек малға немесе адамдарға шабуыл жасаған жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі.