Қарағанды жастарына этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің құндылықтары туралы айтылды

Қарағанды жастарына этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің құндылықтары туралы айтылды

Қарағандыда «Good zone» коворкинг-орталығында «Ұрпақтар естелігі» акциясы аясында кездесу өтті. Жастармен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері Бақытқали Мұсабеков әңгімелесті.
- Біздің орталықта қоғам қайраткерлерінің, танымал адамдардың жастармен кездесулері өтеді. 1 мамыр мерекесі қарсаңында біз тәуелсіз Қазақстанның басты іргетасы болып келетін халықтар бірлігіі тақырыбын талқылауды ұсындық. Жастар өз елінің тарихын білуі керек, біздің қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілік пен келісімді сақтауы тиіс, - деді Жастардың ресурстық орталығы директорының орынбасары Сәттібай Жүнісов.
Кездесуге «VoltеQ» облыстық еріктілер клубының мүшелері, студенттер, белсенді жастар қатысты.
- Мұндай кездесулер біз үшін маңызды және қызықты. Тәжірибелі, танымал адамдар өз көзқарастарымен бөліседі. Сондықтан бүгінгі кездесудің тақырыбы өте өзекті, - деді банк колледжінің студенті Асылжан Мусина.