
Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек төлемдері төленіп жатыр. Оны алушылар саны 4 есеге артқан. Оның үстіне Жұмыспен қамту орталықтары мен ауылдық әкімдіктер қолдауға мұқтаж отбасылардан құжаттарды қабылдауды әлі де жалғастыруда.
- Облыста көп балалы және аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Ебласы тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Өңірде 1-ші сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек 4 160 отбасыға тағайындалған. 25-ші сәуірден бастап төлемдер төлене бастады. Құжаттарды қабылдау штаттық тәртіпте, кезексіз жүріп жатыр. Адамдар келіп жатыр - комиссия үйлерге барып, АӘК тағайындау үшін барлық шараларды қолдануда, - дейді Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекова.
1-ші сәуірден бастап төлемақылар бойынша кеңес алуға 17 мыңға жуық адам келген.
Еске салайық, АӘК тағайындау үшін жергілікті Жұмыспен қамту орталығына немесе аудан не болмаса ауыл әкімдігіне бару қажет. Өтінішпен қоса жеке куәлігіңізді ұсынасыз. Тұрғылықты тұру жері бойынша тіркелу тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін.
АӘК жаңадан құжат тапсырғандар төлемдерді құжаттарын тапсырғна кезден бастап алады.
Облыс бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары өткізілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен үй-үйлерді аралау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыспен қамту орталығы мен жергілікті әкімдік қызметкерлері әрбір көп балалы отбасыны есепке алып, олардың әлеуметтік картасын толтырды. Жұмыс топтарының мүшелері тек қана төлемақы туралы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көмектің басқа да жолдарын, жұмысқа орналасу, жеке істі ашуда мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы да баяндады.
Өңірде көп балалы отбасыларды қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданды. Олардың арасында: қоғамдық көлікпен тегін жүру, балабақшаларға 50 пайыздық жеңілдіктер. Фриланс мектебінде көп балалы аналарға қашықтықтан жұмыс істеу үйретіледі, кеңес берушілер үйде отырып қандай іспен айналысуға, қалай пайда табуға болатыны жайлы түсіндіреді. Ынталандыру тренингтерінде дұрыс мақсат қойып, алға қойған тапсырмалардың шешу жолдарын анықтау бойынша бағыт-бағдар беріледі.
Сонымен қатар облыста жұмыспен қамту бойынша жылжымалы пунктер де жұмыс жасайды.
Еске салайық, әр балаға 18 жасқа дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы көлемінде (қазір бұл 20 789 теңге) төленеді. Отбасының ересектер мүшелері үшін АӘК көлемі отбасының орта табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі. Кірістерді есептеуде көп балалы отбасылардың арнайы мемлекеттік жәрдемақысы, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналардың мемлекеттік жәрдемақысы, баланың мүгедектігіне байланысты жәрдемақы, студенттердің шәкіртақысы, жергілікті атқарушы мекемелер есебінен төленетін бір реттік арнайы төлемақылар есепке алынбайды.