Қарағандыда «Евразиан Фудс» АҚ қызметкерлері Nur Otan партиясынан президенттікке ұсынылған үміткерге қолдау көрсетті

Қарағандыда «Евразиан Фудс» АҚ қызметкерлері Nur Otan партиясынан президенттікке ұсынылған үміткерге қолдау көрсетті

Қарағандыда тағам өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорын «Евразиан Фудс» АҚ қызметкерлері Nur Otan партиясы атынан ҚР Президентіне ұсынылған үміткерге қолдау көрсетті. Жиында еңбек ұжымы 2019 жылдың 9-шы маусымында өтетін Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауының маңыздылығын атап өтті.

Олар отандастарды ел болашағына жауапкершілкпен қарауға және әркімнің өз азаматтық парызын өтеуге шақырды.

«Индустриалды Қарағанды облысы елдің экономикалық және саяси тіреуі болып табылады. Жерлестеріміздің еңбек жетістіктері бізге мақтаныш сыйлайды және ол халық үшін үлгі. Мұның бәрі үнемі Nur Otan партиясы мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағытын қолдайтын қарағандылықтардың еңбегінің арқасында», - делінген еңбек ұжымының хатында.

Кәсіпорын қызметкерлері Nur Otan партиясы ұсынған үміткер мемлекет саясатын үздіксіз жалғастырып, Қазақстанды ары қарай өркендетеді деп сенеді.