Қарағанды облысында көпбалалы аналарды үйде отырып табыс табуға үйретеді

Қарағанды облысында көпбалалы аналарды үйде отырып табыс табуға үйретеді

Қарағанды облысында Саран және Абай ауданында екі фриланс мектебі ашылды. Олар тігін ісіне, киіз илеуге және аспаздық іске үйретеді. Курстарды 40 адам өтіп жатыр.
Абай ауданында «Іскер Ана» фрилансер мектебі жұмыс істейді. Онда көп балалы аналар қолөнер бұйымдарын жасауды үйреніп, аспаздық өнерді меңгереді. Алдағы уақытта олар бұйымдарды сату арқылы отбасылық табыстарын арттыра алады.
Саран қаласындағы фрилансер мектебінде тыңдаушыларды екі бағыт бойынша оқытады: тігін шеберлігі және IT-технологиялар. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың курстардан өткен мүшелері тігін фабрикаларынан тапсырыстар ала алады. Бұл ретте кәсіпорындармен әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Осы мектептердің түлектері болашақта өз ісін ашып, үйде жұмыс істей алады деп болжануда. Кәсіпкерлік негіздері «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тегін курстарда оқытылады. Оған қатысушылар өз стартапына тегін грант алу мүмкіндігіне ие.