Ақтоғай ауданының командасы волейболдан облыстық турнирде жеңіске жетті

Ақтоғай ауданының командасы волейболдан облыстық турнирде жеңіске жетті

Ақтоғай ауданында 11-ші рет белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов атындағы волейболдан ерлер арасында облыстық турнир өтті. Биыл ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Жарысқа Қарағанды облысының аудандары мен қалаларынан 21 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының БЖСМ командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орында Шет ауданы, үшінші орынды ақтоғайлықтардың тағы бір тобы иеленді.

Сондай-ақ, жарыс кезінде әдемі ойын көрсеткен ойыншылар марапатталды. Осылайша, Арнұр Тамин үздік шабуылшы, Сергей Елисеев үздік ойыншы және Қайыржан Кнашин үздік ұйымдастырушы атанды.

Жеңімпаздар дипломдармен, естелік кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды.