Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау

Құрметті жерлестер!
Құрметті қарағандылықтар!

Мерекелеріңізбен, Қазақстан халқының бірлігі күнімен!
Бұл күні еліміздің басты байлығы – бейбітшілік пен ынтымақтастықта тұрып жатқан халқымыз екені ерекше сезіледі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатының арқасында біздің еліміз балалары махаббат пен қамқорлыққа оранып, жастары бейбіт мамандықтарды таңдап, болашаққа нық қарап, жоспар құрған, азаматтары өз ісін бастап, оны дамыту үшін мемлекеттен көмекке сүйене алатын, қариялары әрдайым құрмет пен ізетке бөленген бейбіт және тыныш мемлекетте өмір сүріп жатыр.
Өркендеп келе жатқан экономикамыздың арқасында еліміздің барлық аймақтарында жаңа тұрғын үйлер, ғимараттар мен жолдар салынып жатыр.
Сондықтан барлығымызға ортақ шаңырағымызды қастерлеп, бағалай білейік.
Жүректен шыққан құттықтау сөздерімізді қабыл алыңыздар. Біз әр отбасына молшылық пен табыс тілейміз.
Ал өңірімізге ең басты жетістігіміз – халқымыздың ауызбірлігін әрі қарай да сақтап, арттыра тусуін тілейміз.

Қарағанды облысының әкімі
Ерлан Қошанов

Қарағанды облыстық мәслиxатының xатшысы
Серік Өтешов