Жыл сайын өтетін Armanǵa jol жартылай марафоны Қарағанды қаласында 19 мамырда өтеді. Қатысушыларды тіркеу басталды, ережелер мен маршруттар да белгіленіп қойды.
Ұйымдастырушылар қарағандылықтарды түрлі қашықтықтарға жүгіруге шақырады. Олардың ең бастысы – Armanǵa jol жартылай марафоны (21 шақырым). «Спутник» деп аталатын екінші дистанцияның ұзындығы –14 шақырым. Бұл жүгірулерге тек кәмелетке толғандарға ғана рұқсат беріледі.
Кез-келген жас мөлшеріндегі және мүмкіндігі шектеулі қатысушылар ұзындығы 7 шақырымды құрайтын «Достык» дистанциясын жүгіріп өте алады. Ал 8-ден 13 жас аралығындағы балаларды екі шақырымға созылған «Балапан» қашықтығына шақырады.
Биылғы жылы скандинав жүрісі бойынша бөлек номинация қосылған. Оған қатысушалыр 7 шақырымды жүріп өтулері керек, жүруге арналған таяқты өздерімен бірге ала келулері тиіс.
Armanǵa jol басты жүгіруі ақылы. Оған қатысу үшін 2000 төлеу қажет. Қалған қашықтықтарға жүгіру үшін төлем жасаудың қажеті жоқ.
Барлық маршруттар бүгінгі таңда белгіленіп қойды. «Балапан» дистанциясына қатысушылар Тәуелсіздік алаңынан бастау алады, сонан соң Бұқар Жырау және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарының қиылысына дейін жүгіреді, содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Ерубаев көшесінің қиылысында оңға бұрылып, біраз жүгірген соң Ерубаев көшесінен Әлиханов көшесіне бұрылып, дистанцияны Тәуелсіздік алаңында аяқтайды.
Басқа жүгірістер бір маршрут бойынша өтеді: Тәуелсіздік алаңы, Бұқар Жырау даңғылынан ленин көшесіне дейін, оңға бұрылып, Терешков көшесіне дейін өтеді, сонан соң оңға бұрылып, Мұстафин көшесінің бойымен Нүркен Әбдіров даңғылына дейін өтеді, осы даңғылдың бойымен жүгіріп өтіп, Бұқар Жырау даңғылына дейін, сонан соң оңға бұрылып, Тәуелсіздік даңғылына келіп мәреге жетеді. Armanǵa jol жартылай марафонына қатысушылар үш шеңбер айналып өтулері тиіс. Ал «Спутник» - екі шеңбер, «Достык» - бір шеңберді жүгіріп өтеді. Скандинав жүрісі «Достык» маршрутымен сәйкес келеді.
Шараға қатысу үшін өтінішті https://qaragandy-marathon.kz/ru/ сайтына тапсыруға болады. Әрбір қатысушы тіркеу нөміріне жке куәлігінің немесе туу туралы куәліктің көшірмесін, өз денсаулығы үшін өзі жауап беретіні туралы қолхат бекітуі тиіс. Ал 8-13 жастағы балалар ата-аналарының атынан рұқсатттама ұсынулары керек.
Бүгінгі таңда жартылай марафонға 541 қатысушы тіркеліп қойды. Осы күнге дейін өтініш бергендердің арасында 14 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтеміз деп ниет білдірушілер саны 730 адамнан асқан. «Достык» дистанциясына өтініш бергендер саны 1800 адамнан асады, ал «Балапан» жүгірісіне 400-ден астам өтініш келіп түскен.
Тегін жаттығулар осы жексенбіде Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.
«Арманга жол» қарағандылық жартылай марафоны алғаш рет 2017 жылдың 3-ші маусымында өткізілген болатын. Енді бұл жарыс жыл сайынғы дәстүрге айналып, тұрақты өткізу уақыты мамыр айының әрбір жексенбісі деп белгіленген.
Қарағандылық жартылай марафонның трассасы AIMS сертификатына ие (Халықаралық жартылай марафондар мен жүгірулер Қауымдастығы). Ол дегеніміз, аталмыш жарыс әлемдік спорттық шаралар күнтізбесіне енгізіліп, оның нәтижелері IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығымен мойындалып, кәсіби спортшылар рейтингіне ықпал ете алады дегенді білдіреді.
Фото qaragandy-marathon.kz/ru