
Қарағандыда 4 мамырда Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этносаябақта ағаш отырғызу науқаны өтеді. «Жасыл белдеу» акциясы Бүкілқазақстандық орман отырғызу күніне орайластырылған. Шараны облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Қарағанды Экомұражайы ұйымдастырып отыр.
Акцияға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Шара 11.00-да басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, міндетті түрде Этносаябаққа барудың қажеті жоқ, өзіңіздің аулаңызды көгалдандырсаңыз да болады.
Қаламыздың қоғам белсенділері де «Орманды қорғаңыздар» тақырыбында байқау жариялады. Оның шарттары Экомұражайдың Instagram, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілердегі парақшаларында келтірілген.