Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығына орай С. Сейфуллин атындағы театр «Қыран қазақ» драмасын қойды

Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығына орай С. Сейфуллин атындағы театр «Қыран қазақ» драмасын қойды

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры «Қыран қазақ» спектаклін қойды. Драма Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойына арналды.
Спектакльдің премьерасы 5 мамырда Станиславский атындағы театрдың сахнасында өтеді.
Пьесаның авторлары ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актёр-драматург Кеңес Жұмабеков пен оның ұлы Мейрам Жұмабеков болып табылады. Қоюшы режиссёр – Ш. Айманов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов. Қоюшы суретші – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Тұяқов.
Нүркен Әбдіровтың рөлін екі актёр сомдайды: Бауыржан Нұрмағамбетов және Ақай Жұмамұратов. Батырдың анасының рөлін Нұржібек Жансүгірова мен Бижамал Кемалова орындайды.
Спектакльдің басталуы: 17.00. Билеттер құны 1000 теңгеден басталады. Анықтама телефондары: 41-39-89 и 42-02-97.