
Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері 9 мамыр мерекесіне орай 300 мың теңге алды. Соғыс ардагерлеріне теңестірілген санаттағы тұлғаларға біржолғы көмек көлемі 20-дан 100 мың теңгеге дейін құрайды.
Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай қалалық бюджеттен 127 млн теңге бөлінді. Облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 43 қатысушылары мен мүгедегі тұрады: 31Ұлы Отан соғысының ардагері Қазыбек би атындағы ауданда тұрса, 12 адам Октябрь ауданында. Оларға теңестірілген адамдар саны - 5 216.
Өз еркімен жалданғандар, концлагерлердің тұтқындарына және Қоршауда болған Ленинград тұрғындарына 100 мың теңгеден, қалған санаттарға - 20 мың теңгеден төленеді.
Сонымен қатар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысушылар 100 мың теңгеден алды.
Қалалық және аудандық әкімдіктер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне салтанатты қабылдау шараларын өткізеді. Бұған қоса ардагерлердің үйлеріне барып, құттықтайтын болады. Сондай-ақ қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады деп жоспарлануда.