4 мамырда Қарағандының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында эстафета өтетіндіктен жолдар жабылады

4 мамырда Қарағандының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында эстафета өтетіндіктен жолдар жабылады

Қарағандыда 4 мамырда дәстүр бойынша «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің жыл сайынғы жеңіл атлетикалық эстафетасы өтеді. Басылымның негізі қаланғаннан бері бұл 74-ші рет өткізіліп отырған жарыс. Биылғы жылы жүгірушілер сайысы Қарағандының 85 жылдығы және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналады.
Эстафета Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында Достық үйінің алдындағы алаңда басталады. Таңертеңгі 10.30-да қатысушылар шеруі өтеді. Сонан соң 11.00-де жүрігу басталады.
Жүгіру бағыты 14 кезеңнен құралады.
Таңертеңгі 9.00-ден күндізгі 14.00-ге дейін Шахтёрлер және Республика даңғылдарында қозғалыс тоқтатылады. Бұл жолдарды айналып өту кестесі құрылған.