Қарағанды облысында «Отан қорғаушылары» патриоттық акциясы басталды

Қарағанды облысында «Отан қорғаушылары» патриоттық акциясы басталды

Қарағанды жастары «Отан қорғаушылары» патриоттық акциясына қатысуда. Облыста Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Кешенді жоспарда әскери-спорттық жарыстар, байқаулар, фестивальдар, кездесулер, флешмобтар, әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу және т. б. әр түрлі форматтағы 100-ден астам іс-шаралар қарастырылған.
Акцияның мақсаты – жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизм қағидаттарын қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, әскери қызметтің беделін арттыру болып табылады.
Акция аясында Шахтинск қаласында 6505 әскери бөлімінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. «Мен қазақтың сарбазы» концертіне қатысушылар сарбардар, әскери және патриоттық әндерді орындады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.