
Қарағандыда ардагерлердің қатысуымен салтанатты кездесу өткізілді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысына қатысушыларды Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтады.
- Қымбатты ардагерлер, Сіздер бізге бейбіт аспан сыйладыңыздар. Сіздер Отан үшін, жарқын болашақ үшін соғысып, жеңісті жақындатқан қорғаушыларымызсыздар. Осы үшін сіздерге үлкен рахмет! Біз сіздердің ерліктеріңізді ұмытпаймыз. Ұлы Жеңіс туралы естелікті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін боламыз, - деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.
Ол биылғы жылы қарағандылықтар Кеңес Одағының Батыры жерлесіміз Нұркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толғанын атап өтті.
Аддагерлер естеліктерімен бөлісіп, жергілікті билікке көрсетіп жатқан қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.
- Мен Орлов және Курск шайқастарында көптеген шайқастарға қатыстым. Ауыр жарақат алдым, бірақ госпитальде емделгеннен кейін майданға оралдым. 1945 жылы Жеңістен кейін Солтүстік-Шығыс Қытай мен Моңғолияны жапондықтардан азат етуге қатыстым. Біздің бастан кешкенімізді ешкімге тілемейміз. Алла оны балалар мен немерелерімізге көрсетпесін дегім келеді, - деді 96 жасар ардагер Бүркіт Есжанов.
Ол 1942 жылы 19 жасар жігіт кезінде майданға аттанған. Бесінші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. 1948 жылы әскерден босатылды. Соғыстан кейін үйленіп, жарымен бірге 8 бала тәрбиелеп, өсірді.
100 жасар Нина Сорокина жас ұрпақпен бақытты болудың сырымен бөлісті. Оның айтуынша, бақыттың үш негізгі құрамдас бөлігі болады: денсаулық, отбасы және Отан. Ол жастарды бейбіт аспанды қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға және әр күнге қуануға, жарқын келешегін құру мүмкіндіктерін жіберіп алмауға шақырды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды. Ардагерлер алдында әртістер сүйікті әскери әндерді шырқады.
Бүгін Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 95 қатысушысы мен мүгедектері, 10 мыңға жуық тыл еңбеккерлері тұрады. Осы жылы майдангерлер Жеңіс күніне орай 300 мың теңгеден астам ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ардагерлерге теңестірілген санаттағы тұлғаларға біржолғы көмек 20-дан 100 мың теңгеге дейін болады.