Бейнелеу өнері мұражайында 8 мамыр күні белгілі суретші Петр Кишкистің «Ақ фонда жұмыс істеу – 2. Қарындаш» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозиция шебердің осыған дейінгі «Қара фонда жұмыс істеу – 1» көрмесінің қисынды жалғасы болып табылады. Аталмыш көрме өткен жылдың қараша айында мұражайда ұсынылған болатын.
Екі көрме бір-бірін толықтыратын, кейде қарсыластықта ұсынылған екі бастаманы салыстыру идеясын біріктіреді. Кишкис өзіндік стилімен ерекшеленеді. Оның жұмыстары метафорикалылығымен есте қалады. Суретші көрерменге өз бетінше ойлауды және әр сәтті бастан өткізуді үйретеді, өз ғарышына баулиды.
Қарағандылықтарды 8 мамыр күні сағат 16.00-де болатын көрменің ашылуына шақырады. Суретшінің жеке көрмесі 19 мамырға дейін жалғасады.