Қарағандының 11-ші сынып оқушысы Менделеев олимпиадасында қола жүлдені иеленді

Қарағандының 11-ші сынып оқушысы Менделеев олимпиадасында қола жүлдені иеленді

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде химия пәнінен 53-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Аталмыш зияткерлік жарыста қарағандылық Олжас Нұрпейісов үшінші орынға ие болды.
Олжас №1 Қарағанды "Білім инновация" лицейінің 11-сыныбында оқиды. Менделеев олимпиадасына екінші рет қатысуда. Өткен жылы ол осы білім додасында екінші орынға ие болған. Сондай-ақ, Чех Республикасы мен Словакияда өткен олимпиадаға қатысып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, ол химия пәнінен "Tuymaada" халықаралық сайысының (екінші орын), Бектұров атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиаданың жүлдегері (бірінші орын) және Қ. Сәтпаев атындағы Халықаралық химия олимпиадасының (бірінші орын) жеңімпазы. Олжас Корея университеттерінің бірінде грантқа ие болып, оқуға түсті.
Биыл Менделеев олимпиадасында әлемнің 28 елінен 152 оқушы келіп жарысты.
№ 1 "Білім инновация" лицейінде хабарлағандай, бірінші кезеңнің міндеттері арнайы химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келді. Екінші турда оқушылар бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық химия бойынша жоғары деңгейдегі тапсырмаларды шешкен. Үшінші тур – эксперименттік болды.
Жалпы есепте Қазақстан ұлттық құрамасы екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды.
Халықаралық Менделеев олимпиадасы 1997 жылы Бүкілодақтық химия пәні олимпиадасының құқықтық мұрагері болды. 2004 жылдан бастап оған ТМД және Балтық елдерінің оқушыларынан басқа әлемнің басқа да елдерінің командалары қатыса бастады.