
Үш қарағандылық спортшы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен жеңіл атлетикадан беделді халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғады. Марракеш қаласында (Марокко) өткен жарыста 34 елден 350 спортшылары бақ сынасты. Қарағандылық жеңіл атлеттер республика намысын лайықты қорғап қайтты.
Екі алтын медальді Руфат Хабибуллин жеңіп алды. Ол 100 метрге жүгіруде және найза лақтыруда үздік атанды.
Дастан Мұқашбеков диск лақтыруда күміс, ал ядроны итеруде қола жүлдені иеленді. Осы нәтижесінің арқасында ол нормативті орындап, қараша айында Дубайда (БАӘ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Мароккодағы халықаралық турнир лицензияланған.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша