Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Қарағандының әскери және еңбек даңқы ізімен» атты патриоттық акциясын бастады. Оған оқушылар-кадеттер қатысты. Мұражай қызметкерлері оларға тарихи және ескерткіш орындарына экскурсия жасады.
Ұйымдастырушылар акцияны Қарағандының 85-жылдығына, Ұлы Жеңіс Күніне және Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100-жылдығына арналған. Оның мақсаты - жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы кезінде қарағандылықтардың әскери және еңбек ерлігін көрсету болып табылады.
Кадеттер қарағандылық жауынгерлерді майданға шығарып салу рәсімінің театрландырылған қойылымын тамашалады. Акция қатысушылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар мұражай алдындағы алаңда эвакогоспиталь инсталляциясы орнатылды.
Экскурсия кезінде жасөспірімдер соғыс кезінде эвакогоспиталь орналасқан ғимараттарды аралап қайтты. Оларға Қарағандылық 77-ші артиллериялық полкі майданға аттанған жер – бұрынғы "Октябрь" кинотеатры (қазір "Шалқыма"концерт залы) көрсетілді. Сондай-ақ шара барысында керуен қатысушылары эвакогоспитальдарда қайтыс болған сарбаздардың бауырлас зиратына және "Мәңгілік алау" мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Ресми деректер бойынша, Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 59935 адам аттанған, оның 34352-і отандарына қайтып оралып, 25583-і қаза болған, ал 9399-і хабар-ошарсыз кеткен. 6587 қарағандылықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталды.
1941 жылдың соңында Қарағанды облыстық денсаулық сақтау бөлімі батыс аудандарынан келген жараланғандарды орналастыру үшін 6 госпиталь ұйымдастырды. Ол үшін ең жақсы ғимараттар: фельдшерлік-акушерлік мектеп, мұғалімдер институты, қалалық партия комитеті, "Қарағандыкөмір", "Шахтострой" комбинаттары, "Сұрыптау" темір жол станциясының клубы бейімделген.