Қарағанды облысында үздік медбикелер марапатталады

Қарағанды облысында үздік медбикелер марапатталады

Қарағандыда Халықаралық медбике күнін атап өтілуде. Кәсіби мереке қарсаңында Мақажанов атындағы емханада мастер-класс ұйымдастырылды. Салтанатты құттықтауда облыстың 50 үздік медбикесі марапаттар мен сыйлықтарға ие болады.
Мастер-класқа ауылдық ауруханалардың қызметкерлері қатысты. Оларға жол-көлік оқиғалары мен апаттардан зардап шеккендерді жарақаттарының ауырлық дәрежесі бойынша сұрыптау триаж жүйесі туралы айтылды. Бұл әдіс, әсіресе, қозғалысы қарқынды трассаларға жақын орналасқан кенттер мен қалалардың ауруханаларында пайдалы болады деп есептейді мамандар.
Орта медициналық қызметкерлердің марапаттарын облыстық денсаулық сақтау басқармасы, NurOtan партиясы, "Сенім" кәсіподағы және "Шарапат"қоғамдық бірлестігі табыс етеді. Мерекеге орай ұйымдастырлырған концертте жергілікті вокалдық және хореографиялық ұжымдар өнер көрсетеді.
Халықаралық Мейірбикелер күні жыл сайын 12 мамырда, қайырымдылық мейірбандық қызметінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің туған күнінде тойланады. Халықаралық медбикелер кеңесінің (ICN) қамқорлығымен өткізіледі.