Қарағандылықтарға екі тәулікке су қорын жинап қою қажет

Қарағандылықтарға екі тәулікке су қорын жинап қою қажет

Қарағандыда бас сорғы стансасындағы резервуарлар дезинфекциялануына байланысты 15-ші мамырда суық су өшіріледі. Қызмет көрсетуші компания тұтынушылардан екі тәулікке ауыз су қорын жинап қоюларын сұрайды.
«Қарағанды Су» ЖШС-нің ақпараты бойынша, суды өшіру келесі учаскелерде жүзеге асырылады: Мамраев (Восток-5), Көгілдір тоған шағын ауданы, Жаңа қала, Михайловка, Үлкен Михайловка станциясы, Федоровка, Кирзавод 1-2, Кирзавод 3-4, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы, Күнгей, Ақтас кенті.
«Екінші аймақ» таза су резервуарларындағы жұмыстардан кейін бас сорғы станциясында су құбыры желілерінде дезинфекция жалғасады. 16-шы мамырда ауыз су мен тамақ дайындау үшін суды пайдалануға болмайды.
Қызмет көрсетуші компания басшылығы уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

 

«Қарағанды су» ЖШС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша