
Қарағанды облысы тұрғын үй құрылысы бойынша тарихи максимумға шықты. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде алғаш рет биыл 662 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға көп.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– 2 600-ден астам отбасы мемлекеттік жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй алады, оның ішінде 621 көпбалалы отбасы, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Алдағы уақытта 830 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар. Ал алдағы үш жылға облыс жылына бір миллион шаршы метр көрсеткішке шығу міндетін қойды.
Қазіргі уақытта құрылыс секторында бес мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын атап өтеміз.