Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасылар 2019 жылы пәтер кілттерін алады

Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасылар 2019 жылы пәтер кілттерін алады

Қарағанды облысында биылғы жылы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты үй салынып, екінші нарықтан 204 пәтер сатып алынады. Бұл мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.
Аппараттық жиналыста айтылғандай, биыл облыста 756 жанұя пәтерлермен қамтамасыз етіледі, олардың 560-ы көпбалалы отбасылар.
Мамыр айының басында 27 көпбалалы отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Жаңа баспанаға осы айдың соңына дейін тағы 106 көп жанды үй көшеді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 260 пәтер Саран, Теміртау, Приозерск, Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет және Жаңаарқа аудандарында пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Ерлан Қошанов серіктес қалалар мен облыс орталығындағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.
Облыстық бюджеттен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жылдық мөлшерлеремесі 2% құрайтын ипотекалық несие беру үшін миллиард теңге бөлінді. Бұл сомаға 159 қарыз берілмек.