Қарағандылық шаруалар орамжапырақ пен дәнді-дақылдар егісін ұлғайтты

Қарағандылық шаруалар орамжапырақ пен дәнді-дақылдар егісін ұлғайтты

Қарағанды облысында егіс науқаны басталды. Аграрлық шаруашылықтар дәнді-дақылдар, бұршақты және майлы дақылдарды егуге, картоп пен көкөністерді отырғызуға кірісті.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, биыл өңірде 885 мың гектар дәнді-дақылдар, 18,3 мың гектар майлы дақылдар, 54,3 мың гектар азықтық дақылдар егіледі.
Биылғы жылы картоп отырғызу аумағы 9,6 мың гектарды, ал көкөністерге арналған аудан 1,5 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ осы жылы қырыққабатты көбірек өсіру жоспарланып отыр, бұл көкөніс түріне бөлінген жерлер 500 гектарға дейін ұлғайтылды.
Егіс жұмыстарына 20 мың бірлік ауыл шаруашылық техникасы жұмылдырылды. Тек осы жылы ғана аграрлық шаруалар 109 машина, оның ішінде 64 трактор, 9 егіс кешені және жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден асатын 17 тұқым сепкіш сатып алды.
Биыл 1 500 гектар суармалы жер айналымға енгізіледі. Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл көрсеткішті арттыруды тапсырды.
Облыста егіс жұмыстары 5 маусымда аяқталады деп жоспарланып отыр.