
Қарағандыда «Ақ сарай» Салтанат сарайында Жастар жылы аясында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен алғашқы Медицина балы өтті. Шараға 31 жұп қатысты. Вальс, полька және мазурка билерін жас дәрігерлер мен медициналық колледждердің студенттері билеп шықты.
- Дайындық екі айға жуық уақытқа созылды. Барлығы оңай болды деп айтуға болады. Дәрігерлер биді тез үйреніп алды, ал студенттерге ол сәл қиынға соқты. Бірақ барлық қатысушылар өте ұйымшыл болды, - дейді бас хореограф Юрий Фоменко.
Ол онколог дәрігер болып жұмыс істейді және бимен де шұғылданады. 2017 жылы латиноамерикалық бағдарлама бойынша Еуропа чемпионы атанған.
Қатысушылардың өнерін кәсіби бишілермен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және әріптестері – денсаулық сақтау саласында жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан мамандар бағалады.
Көптеген қатысушылар бимен айналысуды жалғастыруға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ балда тосын жайт та орын алды. Бір жұп осы биден соң отбасы құру туралы шешім қабылдады. Жедел жәрдем фельшері Айдын Амангелді өзінің жұптасы және әріптесі – медбике Тоғжан Оспановаға оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады.
- Әрине, қатты қобалжыдым. Алайда барлығы ойдағыдай өтті. Тоғжанмен біз екі жыл бойы кездесіп жүрміз. Енді міне, осы жылы үйленуді шештік, - дейді Айдын.
Медицина балы тек Қарағандыда ғана емес, республика бойынша алғаш рет өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар оны дәстүрге айналдырып, жыл сайын осындай би мерекесін өткізуді қалап отыр.