
Қарағандыда 18-ші мамырда С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының сахнасында Қ. Байжанов атындағы Концерттік бірлестік оркестінің сүйемелдеуімен «Астана Опера» театрының әртістері өнер көрсетеді. Жұрт назарына П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» туындысы ұсынылады.
Бұл қойылымның тұсаукесері 2019 жылдың 30 және 31 наурызында астанада өтті.
Партияны орындаушылар: Арменияның халық әртісі Барсег Туманян, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Айгүл Ниязова, Жан Тапин, Дина Хамзина, Жанат Шыбықбаев, Рамзат Балакишиев, Гүлжанат Сапақова, Салтанат Мұратбекова, Шыңғыс Расылхан.
Қойымлымда сондай-ақ «Астана Опера» театрының хорыда өнер көрсетеді.
Бас хормейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Даутов.
Дирижёр - Пётр Грибанов.
Қойылымның басталуы: 17.00.
Билеттер бағасы: 1 500, 1 800 және 2 000 теңге.
Анықтама телефондары: 41-22-30, 41-22-36 и 41-13-14.