
Жексенбі, 19 мамыр күні Қарағандыда «Бала дауысы» атты ұлттық балалар ән байқауының облыстық кезеңі өтеді. Бұл - Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының авторлық жобасы. Ұйымдастырушылар 7-12 жас аралығындағы қарағандылықтарды байқауға қатысуға шақырады.
Іріктеу кезеңі Қарағанды музыкалық комедия театрында өтеді. Таңғы сағат 9-да қатысушыларды тіркеу, сағат 10-да тыңдау басталады.
Облыстық кезеңге барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Басты талап – түрлі тілдерде бірнеше ән дайындау. Өтініштер WhatsApp 8778-206-36-81 нөмірі бойынша қабылданады. Толық ақпаратты 8 747-491-12-91 телефоны арқылы алуға болады.
Балалардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Оны «Alar» поп-тобының мүшесі Айдын Жұмахан басқарады.
Тыңдаулар республиканың 15 облыс орталығында өтті. Ұйымдастырушылар атап өткендей, тыңдауға келген әрбір бала естелік сыйлық пен диплом алады, сондай-ақ байқау күнделіктерін түсіруге қатысады.
Қазан айында 17 қатысушы Алматыда, «Жұлдызды арман үйінде» жиналады. Олар үшін вокал, хореография және актерлік шеберлік сабақтары өткізіледі. «Бала дауысы-2019» жеңімпазы кәсіби қазылар алқасының бағасы, сондай-ақ телекөрермендердің онлайн-дауыс беруі арқылы таңдалады.