
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық жобаларды қаржыландыруды бастады.
Өзінің несиелік өнімдерінің көмегімен Қор ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жобаларын түрлі мақсатты бағыттар бойынша қаржыландырады.
«Игілік» бағдарламасы бойынша ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, құстар, бал араларын сатып алу қарастырылған болса, «Бірлік» бағдарламасы бойынша сүт қабылдау пункттеріне арналған жабдықтар сатып алынады. «Кәсіпкер» бағдарламасы ауылдағы барлық бизнес түрлерін дамытуға бағытталған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несиелер түрлі мақсаттарға жылдық 6%-дық сыйақы бойынша беріледі. Несие өніміне байланысты кезеңі, сомасы, жеңілдік кезеңінің ұзақтығы өзгереді. Сондай-ақ, Қордың несие түрлерінің шарттарында, аграрилердің спецификалық ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығы мен циклділігі ескерілді.
«Биылғы жылда Қарағанды филиалы 5,6 млрд. теңге қаржы беруді жоспарлап отыр.
Биылғы жылға қаржыландырудың негізгі бағыттары анықталды. Олар:
- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Игілік», «Ынтымақ», «Кәсіпкер», «Бірлік» және «Егінжай» несие өнімдері;
- Етті мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламасы аясында «Сыбаға» несиелік бағдарламасы.
Сондай-ақ, сүт-тауар фермаларды дамытуға бағытталған «Ырыс» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыру жоспарлануда.
Бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алу үшін ауыл тұрғындары аудандық Жұмыспен қамту орталығына барып, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуы тиіс. Сертификат алған соң, ол жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, халықты жұмыспен қамту орталығынан несие алу үшін жолдама алады. Одан әрі бастапқы құжаттар топтамасын және бизнес-жоспарын алып Қордың филиалына беруі керек.
Бастапқы құжаттарды қараудың бірінші кезеңінен өткеннен кейін шешім қабылдау үшін Қор қызметкерлері қалған қажетті құжаттарды сұратады. Толық құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін 15 жұмыс күн ішінде несие комитеті қаржыландыру немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
Туындаған барлық сұрақты 8 800 080 3505 тікелей желісі арқылы қоюға болады немесе немесе Қарағанды филиалының менеджерлеріне бара алады.
Тел.: 50-30-76, 50-30-77, 50-30-80
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «ҚазАгро» холдингінің құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым. Қордың негізгі міндеті АӨК басым салалары бойынша ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыру.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды филиалы