Қарағанды қаласының бас даңғылында жарық шағылыстыратын мекенжай тақтайшалары орнатылуда

Қарағанды қаласының бас даңғылында жарық шағылыстыратын мекенжай тақтайшалары орнатылуда

Қарағандыда Бұқар Жырау даңғылында мекенжай аншлагтары өзгереді. Жаңа тақтайшалар заманауи материалдардан жасалған және ыңғайлы болады.
- Қарағанды қаласының сәулет-эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында және тұрғындардың ыңғайлылығы үшін бүгінгі күннен бастап қаланың бас көшесі – Бұқар Жырау даңғылында жаңа аншлагтар орнату жұмыстары басталды. Олар жарық шағылыстыратын және жарық қайтарғыш қабықша секілді заманауи материалдан жасалған. Тақтайшаларды ауыстыру демеушілік қаражат және бюджеттік қаражат есебінен жүргізіледі, - деді Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі Татьяна Шатохина.
Жаңа мекенжай тақтайшалары Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында және жақын маңдағы үйлерде пайда болды. Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі: алдымен аншлагтардың өздері орнатылады, кейінірек жарық пен QR кодтарын орнатады.
Аудан әкімінің айтуынша, аншлагтарды ауыстыру Бұқар Жырау даңғылынан басталды, кейін жаңа мекенжай тақтайшалары қаланың басқа да орталық көшелеріне орнатылады.