
Қарағандыда алдағы жексенбі, 19 мамыр күні Armana jol 2019 жартылай марафоны өтеді. Ауқымды спорттық шара жанкүйерлер мен көрермендерге арналған ойын-сауық бағдарламасымен сүйемелденетін болады. Тәуелсіздік алаңында үш сағаттық спорттық-ат шоуы өтеді.
Жартылай марафон 8.00-де басталады. Жаппай жүгіру Тәуелсіздік алаңында бастау алады және сол жерде мәремен аяқталады. Жарыс бағдарламасына 2 – ден 21 шақырымға дейін жүгіру, сондай-ақ 7 шақырым скандинав жүруі кіреді.
Спорттық шараға байланысты сағат 7.00-ден 12.00-ге дейін Қарағандының келесі жолдары жабылады:
Бұқар Жырау даңғылының бөлігі (Н. Әбдіров даңғылы қиылысынан Ленин көшесінің қиылысына дейін);
Ленин көшесі (Бұхар Жырау даңғылының қиылысынан Терешкова көшесінің қиылысына дейін);
Мұстафин көшесі Н. Әбдіров даңғылының қиылысына дейін;
Н. Әбдіров даңғылы бойындағы бір жақты жол;
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бөлігі (Бұхар Жырау даңғылынан Ерубаев көшесінің қиылысына дейін);
Ерубаев көшесі (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысынан Әлиханов көшесінің қиылысына дейін).
Жартылай марафонды ұйымдастырушылар ыңғайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.