Супермарафоншы Марат Жыланбаев: «Қарағанды еліміздегі жүгірушілері көп қалаларының үштігіне кірді»

Супермарафоншы Марат Жыланбаев: «Қарағанды еліміздегі жүгірушілері көп қалаларының үштігіне кірді»

Қарағандылық Armana jol жартылай марафоны жыл өткен сайын танымал болып келеді. Биыл ол үшінші рет өтті. Шараға алты мыңнан астам кәсіпқойлар және әуесқой жүгірушілер жинады. 21 шақырым қашықтықта Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Белоруссия елдерінің бастауыш және тәжірибелі марафоншылары жүгірді.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Armana jol бас жүгірісін бастап, ең жас қатысушылар – «Балапан» дистанциясының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттар табыс етті.
Марапаттау барысында сахнаға спорт мерекесінің қонағы - аты аңызға айналған супермарафоншы Марат Жыланбаев бірнеше мәрте көтерілді. Әлемнің барлық ірі шөлдерінде жүгіріп өткен рекордсменнің қолынан 14 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіргендер медальдар алды.
- Мен жүгіру елшісі ретінде бүкіл Қазақстан бойынша марафондарды ашамын. Қарағанды жартылай марафонына үшінші рет келіп отырмын. Менің туған жерімде осы жаңа бағыт дамып, одан әрі етек жайып келе жатқанына қуаныштымын. Қарағанды "Жасампаз" жүгіру клубының арқасында әрдайым марафоншыларымен танымал болған. Мен бүкіл әлемге әйгілі қарағандылық Павел Сиротиннің оқушысымын, - деп атап өтті Марат Жыланбаев. - Бүгін де Қарағанды еліміздің ең жүгіруші қалаларының қатарына кірді деп сеніммен айтуға болады. Бірінші орынды Алматы, екінші орынды біздің елордамыз иеленеді. Үшінші орын үшін Қарағанды мен Атырау күресуде.
Оның айтуынша, жексенбі күнгі салқын ауа райы жүгірушілерге септігін тигізгендей болды. Марафондар үшін қоршаған ортаның температурасы +10 градус болғаны. ең қолайлы жағдай болып табылады.
Жартылай марафон бағдарламасына алғаш рет скандинавтік жүру кірді. Жеті шақырымдық қашықтықта өз күштерін зейнеткерлер сынап көрді. Ең үлкен қатысушы 82 жастағы қарағандылық Таисия Зайцева болды.
Ең кішкентай қатысушы 5 жасар бүлдіршін болды. Ол өзінің 8 жасар ағасын қолдауға келіп, онымен бірге тіркелмей, екі шақырым жүгіріп өтті.
"Достық" жүгірісіне балалар үйінің ұлдары қатысты. Есту қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған жүгірулер өздерінің шексіз мүмкіндіктерін көрсетті.
Көптеген спортшылар қарағандылық жартылай марафонына алғашқы рет келіп отырған жоқ, олар өткен жылғы нәтижесін жақсартуға тырысқан. Нұр-Сұлтан қаласынан келген жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы Құдайберген Зейноллаев үш жыл бұрын 10 шақырым қашытықта чемпион атанған болатын. Өткен жылы ол үздіктер қатарына іліне алмай қалды, алайда биыл 7 шақырымдық «Достық» дистанциясында жеңімпаз атанды.
«Спутник» жүгірісінің әйелдер арасындағы жеңімпазы 72 жасар Амегүлсін Мұсылманованың бұл 105-ші марафоны екен.
Жартылай марафонның бас жүлдесі - миллион теңге шетелдік жүгірушілерге бұйырды. Екінші жыл қатарынан Гомельден келген Владислав Прямов Armanǵa jol чемпионы атанып отыр. Трассада ол қазақстандық Михаил Красиловпен бірдей жүгірді, алайда мәре сызығында белоруссиялық марафоншы қарсыласын 7 секундқа басып озды. 21 шақырымға жүгіруде әйелдер арасында Бішкектен келген Дарья Маслова көш бастады.
Жартылай марафонның жалпы жүлде қоры - 8 млн теңге.
Барлық нәтижелермен толығырақ qaragandy-marathon.kz сайтында танысуға болады.