Қарағанды облысында шалғай аудандардағы кәсіпкерлер енді Atameken Qaragandy ұйымынан жеңілдетілген несиелер ала алады. Аталмыш микроқаржылық ұйым Қарағанды облысы әкімдігі және Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен құрылған болатын. Ол кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие бере отырып, шалғайдағы аудандарда шағын бизнесті қолдайды.
Несиелендіруге қажетті қаражатты ірі компаниялар береді. Қаржы мақсатты түрде таратылмақ. Дәлірек айтар болсақ, қаражат қала құрушы кәсіпорындар орналасқан аймақтарға бөлініп беріледі.
Atameken Qaragandy ұйымымен бірінші болып келісімшартты «Казцинк» ЖШС орнатты. Компания Қаражал мен Жәйрем кентінде кәсіпкерлікті дамыту үшін 200 млн теңге бөледі.
Ұйым беретін несие кәсібін енді бастайтын немесе әрекеттегі ісін кеңейтетін кәсіпкерлерге бес жылдық мерзімге өте төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Несиелендірудің максималды сомасы - 8 000 АЕК дейін (20 млн 200 мың теңге).
15 мамырда Atameken Qaragandy ұйымының Несиелік комитетінің бірінші отырысы өтті. Оның жұмысына Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының, «Казцинк» ЖШС және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Тапсырылған бес өтініштердің үшеуіне оң жауап берілді. Несиелеудің жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.